сүйеді екем, сүйеді екем сені мен ,
артық көріп көктеменің лебінен.
сен туралы жырлайды екен құс біткен,
махаббатты алып ұшып көгімен.
жеңіл ғана сенің аяқ басқаның,
ұқсамайды жүрсіне басқаның.
сенің жайлап үн шығармай күлгенің ,
ұқсамайды күлксне басқаның.
сенің көзің қарада емес, көк те емес,
ол бір ғажап жарқыраған отты елес.
сенсіз жерде жыр туындап кеудемде,
сенсіз жерде қызыл Гүл де көктемес.
сен өзіңсің , сен сезімсің мендегі,
күмбірлетіп жіберетін кеудені.
домбыраның құлақ күйін келтіріп,
шерітпегенің , тартпағаның жөн бе еді.
көп жүріппіз , жетер жолда аз қапты,
баяғыдай құлпыртыпты жаз бақты.
үнсыз ғана қоштасып ек екеуміз,
үнсыз қайта табсыуға жазбапты.
Жансая Сейткенова еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1