Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Жаным.... - Түлегенов Берік | Текст песни

Жаным сыйы сен жаратқанның,
Сүйем деп сырымды сан ақтардым,
Түндерде қиялым сені іздейді.
Сен дейді жүрегім əр атқан күн.

Жаным сенен тапты жүрек емін,
Мен сенің өміріңді гүл етемін.
Кеудеңнің дүрсілі мен деп соқсын,
Соғысын жүрегіңнің күзетемін.

Жаным түсінер, кіммені сендей ұғып.
Мені сені сүйіп қалғам көрмей тұрып.
Қазір түн мен отырмын көз ілместен,
Жыр арнап көздеріңе көлдей тұнық.

Жолығып қауышсақта қоңыр күзде,
Жаз сезім тұр алаулап көзімізде,
Құбылып құбылмауы болашақтың,
Алтыным байланысты өзімізге.

Жарығым бізді күткен жаз бар алда,
Қызғанба қəтемді іздеп қазбаланба.
Мен сені жар етіп таңдадымғой,
Бір болар өміріміз жазған Алла.

Мұңайма мүлде алма жас жанарға,
Қызғанба көңілім жоқ басқаларда.
Сүйіктім өзіңдей періштем бар,
Қалай бұрсын көңілім басқа адамға.

Көңіліңе қаяу салсам алда жалда,
Ренжіме жүрегіңе жақын алма.
Сүйіктім баласынып кетем кейде,
Ғашық болған адамда ес боларма.

Авторы:  Төлегенов Берік Айтбайұлы.


Жаным.... еще тексты


Другие названия этого текста
  • Жаным.... - Түлегенов Берік (0)
  • Нурдаулет Азимханов - Тулегенов Берик (0)
  • Жаным.... - Тулегенов Берик (0)
Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2