Қиналды өзіңсің жан кеудем Бір сені іздеймін егілем. Арамызда сағыныш сөнді Аяулым бізге не көрінді. Екі жүрек суыды, күрсінді Екі жүректің бірдей дүрсілі Түсінбедім қоңыр күз Айтқың келген бір сырды...
Алыстауда елесің, Еріксіз көзіме келесің Тек көзіңнен моншақтар тамшылап жүрмесін. Көктем, жаз, күз бен қыстар Бізге болды тым қысқа Жүрегімді берсең де кімге берем сенен басқа?!
Біз бақытты жұп едік, Жалғанда алма ғайып Сен мені сағынбағын Мен сені сағынбайын
Күн жарығы көрінсе, Саған түскен сәулемін. Жаңбыр жауса көгіңнен Тамшың болып келемін. Қысыңда аппақ қар боп, Ұлпаң болып қонармын, Суық ызғар тоңдырса Саған жылу боламын.
Алыстауда елесің, Еріксіз көзіме келесің Тек көзіңнен моншақтар тамшылап жүрмесін. Көктем, жаз, күз бен қыстар Бізге болды тым қысқа Жүрегімді берсең де кімге берем сенен басқа?!