Қ-сы Әдемі сұлу қыз кеп Жүректі жаралады Жүрегім барып соған Сүйем деп айталмады Тек қана ішімнен мен Сүйем деп қайталадым Сондықтан мен саған Осы әнді арнадым 1) Жұмылған көздерімді Қайтадан ашқым келді Сезімге ерік беріп Жүрекпен сүйгім келді Кенеттен сәуле түсті Менің көздеріме Қураған жан дүниемді Жарқыратып жіберді Сені алғаш көргенде Орынымда тұрып қалдым Бір көргеннен сені Жаным-ау сүйіп қалдым Ғашықтар әлемінде Болсам деймін өзіңмен Тек саған бір өтініш Сенші менің сөзіме
Қ-сы
2) Сенші маған қалқам Жүректі ауыртпашы Сен сияқты сұлуды Қайдан мен табамын Айтындаршы адамдар Махаббат неге қиын Толқыған сезімімді Қалайша тоқтатамын Асау сезімім маған Тізгінін ұстатпады Келші маған еркем Жай ғана құшақташы Сені бақытты қылам Сенші менің сөзіме Кеудемдегі жүректі Мәңгіге бересің бе