Шақырған алдан ақ желкен арман, Тәтті өмір балдан, екенін жалған бір күн, Кім білген? Алдамшы – бақыт, сезімге батып, Бал дәмін татып, өтеpін уақыт бір күн, Кім білген?
Самғады ақ бұлттай әнім шалқып, Ой-қиял ұшағы көкте қалқып.
Бал күндер әнді, сері күн сәнді, Сағынтып жанды кетерін мәңгі алыс, Кім білген? Сезімге толы махаббат жолы – Өмірдің жолы, өтерін оның бір күн, Кім білген?
Самғады ақ бұлттай әнім шалқып, Ой-қиял ұшағы көкте қалқып.
Қайырмасы: Шексіз - шексіз армандар көңілімнің таппай бір емін, Өмір өтті орманда адасып жүремін унемі. Ғайып болды көп нәрсе, Көрінбейді көзге ештеңе. Көз ұшында елестеп, Қол бұлғап кетті ақ кеме.
-/-/-//-/-/-
Самғады ақ бұлттай әнім шалқып, Ой-қиял ұшағы көкте қалған.
Қайырмасы: Шексіз - шексіз армандар, көңілімнің таппай бір емін, Өмір өтті орманда адасып жүремін үнемі. Ғайып болды көп нәрсе, Көрінбейді көзге ештеңе. Көз ұшында елестеп, Қол бұлғап кетті ақ кеме.