Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

жАСЫЛ ТУСТЫ - Минус | Текст песни

Менсінбей жүргенде бауырлар өз тілін,
Тілімнің тұмарына айналдырдым қазақ рэпін.
Көкірекпін ешқашанда шегінбеймін,
Күнге қанаттары күйген бүркіттеймін.

Мен қазақпын сондықтан жасаймын қазақша,
Айыптамаймын орысты рэпі үшін орысша.
Оларға сенбе біздің рэпте болашақ бар,
Дәлелі мен және мен барған қалалар.

Толы зал көкке көтерілген қолдар,
Өз ұлтын мақтаныш көретін бауырлар.
Инабатты, биязы біздің қарындастар,
Болғандықтан менде әрқашан құлшыныс бар.

Эй, армандайсың ба не расында?
Орыс рэпі бағынады деп қазақ баласына?!
Бейшара болма... қазақ бол,
Төзім таусылды көріп тілімнің болғанын қор.

Қайырмасы:
Алтыншы Арыс болам,
Елім үшін атылам.
Білемін қаза табам,
Қандасымның қолынан.
Алтыншы Арыс болам,
Елім үшін атылам.
Атанып халық жауы,
Тарихта мәңгі қалам!

Шаршадым бірақ күресті доғармаймын,
Қазақылық у болса онда мен сені улаймын.
Жексұрынмын себебі жаманмын,
Сондықтан болар мәңгі тарихта қаламын.

Ұлтынан ұялған мен үшін адам емес,
Баба тілі бізден басқа ешкімге керек емес.
Амалым қалмады себебі мәжбүрлімін,
Сөзіме сен ойнап жатқам жоқ патриоттың рөлін.

Астымдағы қара жер Бабамның қаны тамған,
Қазір мерейі өсті кеше жауға тапталған.
Отан - ортақ тіліміз болу қажет ортақ,
Ал сенің намысыңды оятты Борат.

Қазақпен қазақ қазақша сөйлеу керек,
Мәңгүрттер ұлтымызға үлкен қасірет.
Елбасы шеше алмайды жалғыз өзі бәрін,
Ұялғанды тілінен қазақ деуге намыстанамын.

Бар айыбым ұлтжанды болғанымда болса,
Айыптымын қолымды кісендегін сотта.
Сүйегімді сындыр бірақта рухым сынбайды,
Қазағымның мендей жігіттері таусылмайды.

Қолыңды көтер Алаштың ұлы болсаң,
Қазақстанды сүйесің бірақ қазақ болмасаң!
Бір халықпыз бірлігіміз жарасқан!
Сондықтанда мен сендермен қазақша амандасам
Бір халықпыз бірлігіміз жарасқан!
Сондықтанда мен сендермен қазақша қоштасам!


жАСЫЛ ТУСТЫ еще тексты


Другие названия этого текста
  • ChIcA"Go Mc - . (1)
  • Juniors MC (J-k1D feat. JaS RomAN) - жауапсыз махаббат (минус) (1)
  • WYNGYS Халык жауы - Минус (1)
  • ШYNGYS - Халық жауы (минус) | vk.com/KZRapMania (0)
  • жАСЫЛ ТУСТЫ - Минус (0)
Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1