Ауылда өстім, шаңына аунап еркелеп, Ұядан ұштым, қатайды қанат ертерек. Асығып алда бақытым күтіп тұрғандай, Армандар асқақ, қиялдар қилы жетелеп Қаланың мынау тамаша сайран-сауығы- Жолдарын жауған нөсерлі жылы жауыны. Бәрі де-ғажап, Сағынған кезде бірақ та, Аңсадым ауыл, іздедім сені ауылым.
Достармен бірге саялап саябақтарын, Шаттыққа толы өткізіп қызық шақтарды. Жадырап, жайнап өтсе де жарқын күндерім, Ауылды аңсап жаныма сая таппадым.
Қайырмасы:
Көңілде тұрған жауап жоқ сансыз сұраққа, Өзіңді іздеп кеттім ауылдан жыраққа. Ғашық болсам да қаланың айлы кешіне, Ауылға туған жетпейді екен бірақ та.