Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Жұбаныш Жексенұлы - Сүймегендер сағынбайды | Текст песни

СҮЙМЕГЕНДЕР САҒЫНБАЙДЫ

сөзі: М. Шаханов

Ақ қайыңдай белестегі,
Сенің бейнең елестеді,
Шуақ шашып төзімге,
Сүймегендер сағынбайды,
Шын сүйген жан бағынбайды,
Асау қызба сезімге .
Аңсасам жалын шашқан жанарыңды,
Ылғи да мұң жабады қабағымды, қалқатай.
Аққулар қайтты күзде қаратаудан,
Oларда айталмады хабарыңды қалқатай.
Ақ қайыңдай белестегі,
Сенің бейнең елестеді,
Шуақ шашып төзімге,
Сүймегендер сағынбайды,
Шын сүйген жан бағынбайды,
Асау қызба сезімге .
Сән беріп сәулет беріп қойнауына,
Жүрмісің ақ тастының жайлауында, қалқатай.
Қырқадан көлбеңдеген көк аттыны,
кейде сен мен екен деп ойладың ба , қалқатай.
Ак қайыңдай белестегі,
Сенің бейнең елестеді,
Шуақ шашып төзімге,
Сүймегендер сағынбайды,
Шын сүйген жан бағынбайды,
Асау қызба сезімге .
Келемін бір сенімге тұрақталмай,
Боламын кейде өзімді жұбатқандай, қалқатай.
Бөлініп кетті ма әлде жолдарымыз,
Тағдыры тоғыспайтын бұлақтардай, қалқатай.
Ак кайыңдай белестегі,
Сенің бейнең елестеді,
Шуақ шашып төзімге,
Сүймегендер сағынбайды,
Шын сүйген жан бағынбайды,
Асау қызба сезімге .

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 6
Популярное сейчас
Видео
Нет видео
-