Ізі бөлек, сөзі бөлек басқадан,
Адамзатты тура жолға бастаған,
Ұлы Алланың Рәсулы Мұхаммед!
Салаллаһу ғаләйһи уәссалам! …
Азбасын деп адам ата ұрпағы,
Бірге атыпты болашақтың нұр таңы,
Мәуліт күні дүниеге келгенде-
Хабибуллаһ-қос дүние сұлтаны. …
Адамзаттың теңдесі жоқ алғыры
Пайғамбармен бірге түскен таң нұры!
Ел рухы шөлдегенде жауыпты-
Әлемдерге рахмет жаңбыры. …
Құран үні дүниеге жаңғырды,
Өшіп қалған рухтарды жандырды.
Естілгенде Хақ Тағала әмірі,
Өліп қалған жүректерге жан кірді. …
Топастықты қылған кезде ел серік.
Надандықты, жамандықты еңсеріп.
Ұлы Алланың бұйрығына шыдамай,
Хира тауы-тіл қатыпты теңселіп. …
Өз қамынан артық ойлап үмметін,
Үлгі қылған артына ол сүннетін,
Сол заманда соған қорған болыпты,
Дүниеде кімдер әлсіз кім жетім. …
Толқып көлдер, тебіреніп шыңдар да,
Тәжім еткен періштелер, жындарда.
Тумай тұрып жетім етіп елшісін.
Хақ – Иесі дайындады сындарға. …
Тәкаппарлық мекен еткен кеуделер,
Дүниенің қуат күші менде дер.
Күпірліктен індет алған жүректер,
Жалғыз шипа иманменен емделер. …
Одан бұрын таңдар дұрыс атпаған,
Азаны жоқ кештер дұрыс батпаған.
Азған сұмдар ар-ұяттан аттаған,
Әлсіздердің намыстарын таптаған. …
Табылмапты жер бетінен нақты адам,
Жер жәһәнді, күпір, үрей қаптаған.
Сау дейтіндей таза көңіл қалмапты,
Пенделіктің батпағына батпаған. …
Мақтаулы деп, сенімді деп мақтаған.
Ұлы Алла ежелден пәк сақтаған.
Ұлылардың ең ұлысы Мұхаммед,
Ондай мөлдір тұнықты адам таппаған. …
Оған барар мұсылмандар күн-түн деп,
Сағыныштан жүректері үлпілдеп,
Қарсы алады Пайғамбардың қаласы-
Мәдинәнің топрағы бүлкілдеп. …
Мейірін төгіп мәнгі бақи аспаны,
Қарсы алардай Пайғамбардың Асхабы!
Айналғандай шәһиттердің қанынан,
Елжірейді Ұқыт тауы тастары. …
Оның нұрын барлық ғалам аңсаған,
Ұлықтығы артық болған баршадан,
Пәк пейілмен, саф көңілмен жар салам.
Я,Мұхаммед,Уәссәләәтү Уәссәләм!
Жігер Ауыпбаев еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 4