Махаббат жалыны мазайды
Басыңа келмес аз қайғы
Дидарың көрінсе көзіме
Жүрегім жарыла жаздайды
Келбетің әрі ай, әрі күн
Жанымда жүрсеңші жарығым
Айқабақ ақмаңдай аруым
Қайдасың қайда, жаным аңсаған?
Қайда жүрсем де табылам саған
“Ақ еркем - сен” - деп, “Жан еркем - сен” - деп
Жүрегімде мен тағы да ән салам
Селт еткен сезімнің барлығын
Сыйлайын қабылдап ал, күнім
Көзімнің алдынан кетпеші
Өзіңмен бірге өтсін тағдырым
Ақ құсым қайда деп қараймын
Бақ құсым болса деп қалаймын
Қайдасың, қайдасың арайлым
Қайдасың қайда, жаным аңсаған?
Қайда жүрсем де табылам саған
“Ақ еркем - сен” деп, “Жан еркем - сен” деп
Жүрегімде мен тағы да ән салам
Жігіттер еще тексты
Другие названия этого текста
- Жігіттер кв. - Қайдасын (1)
- Жігіттер - Қайдасын (0)
- Жігіттер - Қайдасын [vk.com/kazakhsong] (0)
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2