Іздегенде табылатын қасыңнан
Көңілі бар қызғалдақтай ашылған
Көріспесек сағыныштан жүдейтін
Кім бар жақын бала күнгі досыңнан
Жан досым, үстем болсын мерейің
Әрқашан жеңісіңді көрейін
Сырымыз да бітпесін
Жырымыз да бітпесін
Жырымыз да бітпесін
Қос бұтағы секілденіп ағаштың
Қатар тұрып гүлімізді сан аштық
Жол тапсақ біз бірге жүріп жол таптық
Адассақ та бірге жүріп адастық
Жан досым, үстем болсын мерейің
Әрқашан жеңісіңді көрейін
Сырымыз да бітпесін
Жырымыз да бітпесін
Жырымыз да бітпесін
Өмір өзі арқамызға жүк салып
Бәрімізді қияларға жұмсады
Қатар ұшқан құсқа ұқсадық әлде біз
Қатар жанған екі шамға ұқсадық
Жан досым, үстем болсын мерейің
Әрқашан жеңісіңді көрейін
Сырымыз да бітпесін
Жырымыз да бітпесін
Жырымыз да бітпесін
Жан досым, үстем болсын мерейің
Әрқашан жеңісіңді көрейін
Сырымыз да бітпесін
Жырымыз да бітпесін
Жырымыз да бітпесін
Жігіттер кв еще тексты
Другие названия этого текста
- Жігіттер кв - Жан досым. (1)
- Домбыра - Дос туралы жыр. (1)
- zhygytter - zhan dosym (0)
- Ертай Куат Таха Азамат Айбек Елеукен - Жан досым (0)
- Жігіттер - Жан досым (0)
- Жигиттер тобы - Жан досым (0)
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 3