Біз тұрдық жол үстінде,
Жанымыз толы мұңға.
Тағдырдың білмеппіз-ау,
Жазбасын жолығуға
Жолыңды тосып күнде,
Тұрушы ем гүлдеріммен.
Алыстап кете бардың,
Зулаған күндеріңмен.
Қайырмасы:
Бақытты бол, берілмей қайғы мұңға,
Бақытты бол, махаббат айдынында.
Бақытты бол, аққулы көлімдей ме ең?
Көз алдымнан кетпейді-ау сенің бейнең.
Мұңдатқан таңдағы күз,
Сарғайған солқын гүлдер.
Бірге атқан таңдарымыз,
Қайдасың сол бір күндер?
Тірегі тілегімнің,
Ән бе еді көркем үнің.
Қалауы жүрегімнің,
Мәңгі еді ерке күнің.
Қайырмасы:
Бақытты бол, берілмей қайғы мұңға,
Бақытты бол, махаббат айдынында.
Бақытты бол, аққулы көлімдей ме ең?
Көз алдымнан кетпейді-ау сенің бейнең.
Жігіттер Квартеті еще тексты
Другие названия этого текста
Жігіттер кв. - Бақытты бол (1) Жігіттер Квартеті - Бақытты бол (0) Жігіттер Квартеті - Бақытты бол (0)
Оценка текста
Как вам текст?
1 out of 5
2 out of 5
3 out of 5
4 out of 5
5 out of 5
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2