Айдынға аққу-қаз оралды, сағындым сені, Жайнайды дүние, жаңарды, сағындым сені. Жаз өтті, жапырақ тоналды, сағындым сені, Ақ қайың ақ мамық оранды, сағындым сені.
Қайырмасы: Күн батты, таң атты тағы да, Ем таппай жаралы жаныма, Жоғыңа сенбестен қарайлаймын жолыңа. Сен едің ертегі аралым, Дертімнің таба алмай амалын, Таусылып ішімнен барамын-ау, қарағым.
Ақ қайың арылды ақ қардан, сағындым сені, Сандуғаш сайрады бақтардан, сағындым сені. Елесің жоқ болған тәтті арман, сағындым сені, Келесің, жаным, қай жақтардан, сағындым сені.