Бұл-бұл құс туған жерден гүл іздейді Күдерін құштарынан бір үзбейді Келесің гүл боп, еркем, көз алдымда Өзіңді мен іздемей кім іздейді Арына махаббатың шырай керек Шын сүйген азабына шыдайды көп Ән айттым арнап саған ұнай ма деп Әдемі-ау, мені сүйсең мұңайма тек
Өзің ғой өміріме сән берген де Дүниеде саған ару тең келген бе? Сәулем-ау, сен келесің көз алдымда Ақ қайың самал желмен тербелгенде Жас жаным сені аңсамай төзе алар ма, Өзгелер сені мендей сезе алар ма? Ақ толқын жағалауға асыққанда Айым-ау, сен келесің көз алдыма.