Сезімнің күйі көңілде толқып, тасыған,
Ақ жаңбыр төгіп, нөсерлеп барып басылған.
Сейіліп бұлттың жадырап күндей ашылған,
Жаныңа сонда шұғыла болып шашылғам.
Қайырмасы: Адасып қалма көрініп жүрші маңымда,
Қайғыға салма, болшы демейін бағыма.
Ертеңіме жетелеп аппақ арманым,
Көз ұшында айналып кетпе сағымға.
Жүрегімдегі сағынышымда жаңғырып,
Ұйқымды ұрлап, мейлі, танды таңға ұрып.
Көкірегімде жарысып тағы от-жалын,
Сол сезімді қайталайын мен ән қылып.
Қайырмасы:
Ж.Жексен Д.Нұрахмет еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2