Өзіңдей таба алмаспын асылды, Жүрегім жылағанын жасырды. Шарасыз ұмытармын қимастан, Өткізіп айлар, жылдар, ғасырды. Армандар сенде қалған аңсатып, Ұмытам айтшы қалай сол шақты. Махаббат шыншылдықты қалаушы ед Көңілің өзге жанды аңсапты. Қ-сы: Үнсіз мені мені мені аңсап журсің бе? Мен де сені сені сені сағынам күн де. 2. Кінәлі мен боларын білмедім Жылуды тек өзіңнен іздедім Алдандым сол бір жылы сәттерге Алдамшы көктем емес, күз бе едің? Сағындым жаным сені сағындым, Тағдырдың жазғанына бағыңды Бағыңды тілеп сенің әрдайым Тәңірге жылатпа деп жалындым Қ-сы: