1.Лүпілдеп соққан жүрегім Сенсің. Төлеген болсам, Жібегім Сенсің. Түсінші мені, күй - әнім Сенсің. Болсам Мен Қозы, Баяным Сенсің.
Арайлы Таң - Күн, Ай - Жұлдыз Сенсің. Мен ғашық – Мәжнүн,Ләйлі қыз Сенсің. Сенсіз күн жоқтай,арманым Сенсің. Болайын Естай, Қорланым Сенсің.
Қайырмасы: Шын сүйген қосылмайма,кез болсан осындайға, Кімге біз ренжиміз,бұл деген тосын жайма. Мөлдіреп көз жанарың ей жүрек үн қатпадың, Бақытсыз боламба - деп, түндерім мұң қаптады.
2.Сымбатты сарай,қорғаным Сенсің. Мен – ақын Абай,Тоғжаным Сенсің. Қанатың қақшы биікке, құсым. Жырымның басты кейіпкерісің!
Қайырмасы: Шын сүйген қосылмайма,кез болсан осындайға, Кімге біз ренжиміз,бұл деген тосын жайма. Мөлдіреп көз жанарың ей жүрек үн қатпадың, Бақытсыз боламба деп түндерім мұң қаптады.