Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Жолдасбек Әбдіханов - Өкінбеймін | Текст песни

Күн боп ылғи күлуші едім,
Жүрегімнің көктемінде.
Тартыншақтап тұрушы едім,
Ақ жүзіңнің өткенінде.
Сол күндерің сағым бәрі,
Енді қайтып оралама?
Өкінішпен жанымда әлі,
Өртеп жүрмін неге ғана?.

Қ/сы
Өкінбеймін, өкінбеймін,
Келші деп те өтінбеймін.
Жүрегіңнен өшір мейлі.
Қайтейін.
Өкінбеймін, өкінбеймін,
Іздеуге де бекінбеймін.
Тағдырымыз бір болмады.
Қайтейін.

Өткен күннің отты елесі
Көңіліңнен өшпегенде,
Өкпелесең, өкпелеші,
Өкінбеші ештеңеге.
Қол созып тек сан арманға,
Бірақ бақытты ете алмадым.
Өкінгенмен амал бар ма,
Қадіріңе жете алмадым.

Қ/сы
Өкінбеймін, өкінбеймін,
Келші деп те өтінбеймін.
Жүрегіңнен өшір мейлі.
Қайтейін.
Өкінбеймін, өкінбеймін,
Іздеуге де бекінбеймін.
Тағдырымыз бір болмады.
Қайтейін.

Жолдасбек Әбдіханов еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1