Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Жолдасбеков Қанат - Мұқағали Мақатаев өлеңдері | Текст песни и Перевод на русский

Сезбейсің ғөй, сезбейсің ғөй сен мені

Сезбейсің ғөй, сезбейсің ғөй сен мені
Көрмейсің ғой кереметті мендегі
Түсіншеңші сарсам болған пендені
Түсіншеңші ақыл-ойын кем бе беді
Неге бұлай, неге жүрміз көңілсіз
Кетем бе деп қапаланып өмірсіз
Шын ғашықпын, шын ғашықпын сол адамға
Мен болмасам, бола ма сол аман ба?
О, тәңірім неткен жан едің
Жүрегің еттен бе алде қоладан ба
Шын ғашықпын несіне оны жасырамын
Әр бір алтын ғой бір тал шашы маған
Сырымды айтып ән арқылы өзіңе
Сүйдім сәулем құлақ салшы сөзіме
Кездескенде күлімдеші сен маған
Кім қызықпас мөлдір қара көзіңе
Жаным, сені еш бір жаңға қимаймын
Сені көрсем бұл әлемге симаймын
Бір сен үшін осы әнді арнаймын
Сен үшін дала гүлін жинаймын
Бір-ақ бұл өмірде қыздар деген көп екен
Көп болған мен бұрынғы жоқ екен
Аққу болып, көктем болып келші сен
Көп кідірмей жауабын берші сен
Жүрегің тастан ба әлде мұздан беді
Әлде менен жақын бір жан бар ма еді
Көңілімді суыттын үнсіз қалып
Мен енді жұмбаққа айналсам қызғанба енді
Қызғанба енді біреумен билесемде
Шақыра ғой басқаны биге сенде
Мен жүрейін жанында жат біреудің
Өлен оқып берейін сүймесем де
Ішімнен ондай ешкім жоқ десем де
Басқа жанды бақытты етсем бе
Қайғыдан қалай аман жүр екен деп
Қайран қалам қасірет шекпесем де
Кетер болсаң тезірек ұмыт бәрін
Көз алдыңдатұрмасын қылықтарым
Ұмыт бәрін жиам деп әуре болма
Таңғажайып сәулесін сылықтарын
Кездерді ұмыт бөлмеде симай күлген
Кездерді ұмыт ерекше силай білген
Өкпелеймін сені осылай сүйгендіктен
Шынымды айтсам, мен сені ешкімге де қимайды екем

Шыда, шыда

Шыда, шыда
Шыдай түс, шыда тағы
Шыдамдыны мына өмір ұнатады
Үміттің Кұлан иек қула таңы,
Әйтеуір бір атады, бір атады...
Өкінбе, өкпелеме, бүгініңе,
Өмір, өмір!
Болмайды түңілуге,
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге
Түсінемін жаныңның ауырғанын,
Шыдадың ғой, шыдай түс, дамылдағын.
Иогтардың тәсілін қабылдағын,
Басқасына бас ұрып, табынбағын.
Шыда, шыда!
Шыдай түс, тағы шыда!
Тау құлатқан тасқынның ағысына,
Кір жуытпай, кіршіксіз намысыңа,
Қарысуға болады, алысуға...

ҮШ БАҚЫТЫМ

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
… Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

Түтін түтет,
Өс, өрбі, көгере бер,
Немерелер көбейсін, шөберелер.
Жадыңда ұста:
Жақсылық күтпегейсің!
От емес, оқ сұрасаң менен егер!

Үш бірдей бақытым бар алақанда,
(Мені мұндай бақытты жаратар ма?!)
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!

ДОСЫМ БҰЛ ТАНЫМАЛДЫЛЫҚ ҮШІН ЕМЕС ТЕК ҚАНА ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ АҚЫНДАРЫН ТӘРІПТЕУ МАҚСАТЫ ДОСЫМ СЕНЕН ӨТІНІШ ӨЗ ҚАБЫРҒАҢА САҚТАП ҚОЙ ДОСТАРЫҢ КӨРСІН СОСЫН ТАҒЫ БІР АЙТА КЕТЕТІН ЖАЙТ ҒАЛАМТОРДЫ АША ҚАЛСАҢ ӘР ТҮРЛІ МАҒЫНАЛЫ МАҒЫНАСЫЗ ЭСТАФЕТАЛАР КӨБЕЙІП КЕТІ АЛ КЕТТІК БІЗДЕ ОЙНАЙЫҚ СЕН ҚОЛЫҢА ТЕЛЕФОНЫҢДЫ АЛ ПЛЕЙ МАРКЕТЕН Hi-3 MP3 деп жазып бірінші тұрғанын жүкте КЕЗКЕЛГЕН АҚЫНЫҢ ӨЛЕҢІН ОҚЫ ДА БІЗГЕ ЖІБЕР ДОСЫМ


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-