Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Жу-Жу - Балалық шақты сағындым | Текст песни

Балалық шақты сағындым

Қайырмасы: (x2)
Өмір сондай, өз арнасымен ағуда,
Кешегі бал бала бүгін өз баласын бағуда.
Мен сағындым балалық шақ кезімді,
Сөзбен жеткізу оңай емес бұл сезімді.

Алақаннан ағып барады менің уақытым,
Артта қалып барады балалық шақ, бақытым.
Есімде менің, шіркін-ай, алаңсыз күндерім,
Қайда кетті сол күндер, оны мен білмедім.
Білмедім қалай ер жетіп есейгенімді,
Бірте-бірте жоғалта бастадым мен реңімді.
Оралғым келеді сол бір алаңсыз күндерге,
Уысымда ұстап қала алмадым үлгере.
Уақыт деген адамзат талабына бағынбайды,
Өз дегенін қалап, өз дегенін жасайды.
Менің балалық шағым қайта оралмайтынға ұқсайды,
Өйткені сағынып, көңілім кейде босайды.
Бір топ балдар бүгін үй артында доп қуалады,
Сол балдар менің балалығымды есіме салады.
Арасында інішегім өзімнен аумайды,
Бұл көрініс енді көз алдымнан қалмайды.
Біршама жылдар бұрын мен де осындай бала едім,
Мәңгілік сол балалықта қалғаным қалар едім.
Әттең, шіркін, бұл мүмкін емес жағдай,
Қанша ойланып толғансам да, өмір сондай.

Қайырмасы: (x2)
Өмір сондай, өз арнасымен ағуда,
Кешегі бал-бала бүгін өз баласын бағуда.
Мен сағындым балалық шақ кезімді,
Сөзбен жеткізу оңай емес бұл сезімді.

Жүрек тулап, арман қуған кездерім,
Қалдырдым артымда, қалайша мен сезбедім.
Бүлдіршін кезімде ержетуді көздедім,
Қанша іздесем де таппадым оның іздерін.
Тек суреттерде, қалғаны өткеннің бейнесі,
Бәріне белгілі оның оралып келмесі.
Кешегі жылдардың, отбасының пендесі,
Бұл күндері ағар өз қоғамының дербесі.
Қайта отырғым келеді бірінші сынып партасына,
Тұрғым келеді әріп жазып оның тақтасына.
Шығып кеткенім белгілі балалық патшасынан,
Бәрін бастағым келеді нақтырақ, басынан.
Сезінгім келеді ең алғашқы махаббатты,
Жібергім келеді сезім білдіретін хатты.
Бірақ уақыт маған есігін ашылмастан жапты,
Ол күндер оралмайды, оған көзім жетті нақты.

Қайырмасы: (x4)
Өмір сондай, өз арнасымен ағуда,
Кешегі бал-бала бүгін өз баласын бағуда.
Мен сағындым балалық шақ кезімді,
Сөзбен жеткізу оңай емес бұл сезімді.

Жу-Жу еще тексты


Другие названия этого текста
  • BaGi - Балалык шакты сагындым (0)
  • BaGi - Балалық шақты сағындым (0)
  • Жу-Жу - Балалық шақты сағындым (0)
Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1