1.Бақытым самғасам да, көгімде ұшар, Мектебім жүрегімнің төріндесің, Өзіңнен бастау алған бала сезім. Білемін еш уақытта жеңілмесін. Өмірдің қол созғанмен жаңасынан, Өткеннің кім жете алар бағасына. Кешегі арман қуған күн алыста, Кеттің-ау сағым жылдар арасында. Қайырмасы: Мектебім сағынышым, Балалығымның тәңірісің. Шуақты күндерді, 2 Жұлдызды түндерді, 2 Сәуледей болған жарығысың. 2 2.Ұстазым ұғындырып даналығын, Баршаның елестеткен бала күнін. Күлкісі көңіліңнен айналайын, Кешірген баланың бар шалалығын. Қайырмасы: