Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Жыр-терме - Сүгір | Текст песни

Ауылға Сүгір келді-деп,
Ордасын да талай сайлаған.
Сары самаурын, ақ құман ей,
Кең дастархан жайнаған.
Ағалар енді аман бол!
Келді ме деп жыршылар,
Ботадай көздері жайнаған.
Тал шыбықтай бұралған,
Маржандай тістері құралған,
Мырза қайным келді деп,
Шыға да алмаған құмардан.

Келіндерімде бар еді,
Қайнаға келді дегенде.
Реңін қалай көрем деп,
Сығалап талай қимаған.
Құрбыларым да бар еді,
Қона кетші құрдас деп.
Талай жанды қимаған,
Сызылып талай сыйлаған.
Інілерім де бар еді,
Сүгірдей ағам келді деп.
Ат шаптырып айқайлап,
Хабар да салған еліме.

Таратқан менің даңқымды,
Мәжілісте байтақ жеріме.
Біз жүре беріппіз жігіттер,
Адайдың берген желіне.
Қыздарым да бар еді,
Шай құйып беріп атамның.
Батихасын алам деп,
Саусақтары майысқан.
Алты қанат-ай ақ орда!
Біздерде кеттік - ай аман бол!
Айырылып қалып-ай барасың,
Шабысы жүйрік арыстан.

Жыр-терме еще тексты


Видео
  • Жарас Сарсекеев гр Аккорд Терме Жарас Сарсекеев гр Аккорд Терме
    Жарас Сарсекеев гр Аккорд Терме. Микос Томанов .... Play now. Термелер, жыр-дастандар,халық әндері жинақтары.by Omar Omarhan.
  • Терме 1 Терме 1
    Еркебұлан Қайназар айтыскер ақынның орындауында терме. ... «Текті сөздің төресі - терме» атты жыр бәйгесі өтті - Duration: 4:00. by ...
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1