1) Сенімді бол, ертеңіңе жарай ма? Ғашық адам, өзге жолды таңдамайды. Мен өзіңмен, жолығамын қалай да, Алдамайды, арман мені алдамайды.
қ/сы Қиялдаймын өзіңе кезігуді, Таң атса да күн батып. Қия алмаймын, тауыспа төзімімді, Сезімімді тулатып. Араласып кетпеші сағымменен, Қалайын бір тіл қатып. Қалағасын жүрегім жанымменен, Сені сүю бір бақыт.
2) Сағыныштан, ауырса да жаным көп, Арналады сағынған ізгі өлеңім. Сен бәрі бір, бұйырасың бағым боп, Іздегенім, үмітімді үзбегенім.
қ/сы (2 - рет) Қиялдаймын өзіңе кезігуді, Таң атса да күн батып. Қия алмаймын, тауыспа төзімімді, Сезімімді тулатып. Араласып кетпеші сағымменен, Қалайын бір тіл қатып. Қалағасын жүрегім жанымменен, Сені сүю бір бақыт.