Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Загипа Имангазиева - Арман әні | Текст песни

Бір құлап, бір тұрып,

Келемін ұмтылып,

Өмірдің ағысында.

Біреуден қаламын,

Біреуден озамын,

Тірліктің жарысында.

Жылаймын, күлемін,

Қажыймын, түлеймін,

Тәңірдің қонысында.

Жеңемін, жеңілем,

Сүйемін, жерінем,

Тағдырдың тоғысында.

Қиналған шақта да,

Қуанған шақта да,

Сезімге бағынамын.

Арайлап ақ таңда,

Шуағын шашқанда,

Өзіңе табынамын.

Мұқалса жетілер,

Мұңайса есілер,

Көңілдің көктем желі.

Жүректен өшпейді,

Санадан көшпейді,

Өмірдің өткелдері.

Көгімде күн туып,

Көңілге нұр тұнып,

Сезімді саялайын.

Жанымнан жыр туып,

Жаныңда бір жүріп

Өзіңді аялайын.

Тосайық көктемді,

Ұмытпай өткенді,

Сезіммен сырласайық.

Сәнімен қуантып,

Әнімен жұбатып,

Өмірден жыр жасайық.

Қиналса көңілім,

Ұрланса сезімім,

Тағдырым өзің қорға.

Тосқауыл бар мұңға,

Арманым алдымда,

Тәңірім өзің қолда.



Арман, арман шуағы мол шақ қайда,

Арман, арман, қызығы көп бақ қайда.

Шақырып қыраттар, қол бұлғап құрақ-тал,

Ағарып таң атпай ма?!

Шашылып шуақ тар, сыр айтып бұлақтар,

Ай күліп батпай ма?!

Загипа Имангазиева еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 12