Сырлы әуен қалықтақтайды көңіл көгінде Шабытымыз шарықтайды сахна төрінде Нұрға толы алып далам бөленгенінде Ән тыңдаудан жалықпаған көрерменім де
Қайырмасы Шаттанайық бақ табайық шуақтанып жанымыз күн береді нұр береді әрбір атқан таңымыз Алып ұшып, сағынысып жолығамыз әлі біз Кездесуге кел, жүздесуге кел
Мұзарт шыңға өрлетеді тәтті тілекті Каспий болып тербетеді аққу жүректі Жастық дәурен шағымызда бір сәт тынбайтын Әлі талай әніміз бар сіздер таңдайтын
Қайырмасы Шаттанайық бақ табайық шуақтанып жанымыз күн береді нұр береді әрбір атқан таңымыз Алып ұшып, сағынысып жолығамыз әлі біз Кездесуге кел, жүздесуге кел