Бұл неткен шерлі жер еді?! Ел мұнда неге келеді?! Жеткізген әке-шешесін, Қалайша қиып береді?!
Қайырмасы: Ұлы мен қызын өсірген, Күндерден күнге көшірген. Қарттардың қайран көз жасы, Кететін емес есімнен.
Бір сәуле шашып таң атқан, Үміті күндер санатқан Жалғызын күтіп қарт отыр, Жанарын алмай сағаттан.
Қайырмасы: Ұлы мен қызын өсірген, Күндерден күнге көшірген. Қарттардың қайран көз жасы, Кететін емес есімнен.
Әкең мен сенің жан анаң, Бақытын күтер баладан. Көздері барда аяла, Шығарма мұны санадан.
Қайырмасы: Ұлы мен қызын өсірген, Күндерден күнге көшірген. Қарттардың қайран көз жасы, Кететін емес есімнен. сөзі Рахат ӘБДІРАХМАНОВ әні Асқар ЖАЙЛАУБАЕВ