Өзің едің өмірден қалағаным Бақытыма өлшеусіз балағаным Жатсам-тұрсам кетпейсің көз алдымнан Аяулым, жас ботадай жәудіреп қарағаның Жатсам-тұрсам кетпейсің көз алдымнан Аяулым, жас ботадай жәудіреп қарағаның
Көктем келді ерітіп көңіл қарын Құлпырса екен қайтадан менің бағым Алыссың ба мейлі жақынсың ба, аяулым. Қандай жақсы өмірде сенің барың Алыссың ба мейлі жақынсың ба, аяулым. Қандай жақсы өмірде сенің барың
Көк жүзінен көрінген Қайта оралшы көлге сен Жүрегімнің төрінен жай алшы, аяулым Көзмоншағым төгілер көрінбесең Жүрегімнің төрінен жай алшы, аяулым Көзмоншағым төгілер көрінбесең
Жас қайың, сен де бір бүршігі едің Жайымды ойлай бересің, күрсінемін Ұшып келген ғайыптан періштемдей аяулым Құшағыма қуанып кірші менің Ұшып келген ғайыптан періштемдей аяулым Құшағыма қуанып кірші менің
Көк жүзінен көрінген Қайта оралшы көлге сен Жүрегімнің төрінен жай алшы, аяулым Көзмоншағым төгілер көрінбесең Жүрегімнің төрінен жай алшы, аяулым Көзмоншағым төгілер көрінбесең