Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Иван Дугин - Іштегі əңгіме | Текст песни

1. Қара шəй кеседе. Мен, өзім жəне жалғыз,
Іште жиналған əңгіменің əнін салғыз.
Түсте оянып енді келмейді менің ұйқым,
Кешке ойланып міне шəйдан бір - екі жутым.

Шаруалар жеткілікті, күн көру амалдары,
Теңеу болмайды маған ,ай жұрттың балалары!
Папаңның ақшасына оқуды аяқтадың,
Ешнəрсе уайымдамай күліп - ойнап қалықтадың.

Ал мен...не деймін өзім жайлы?
Қарадым немқұрайлы (кезінде) көп болмады байлық,
Оқуға жететіндей əкемде болмады айлық,
Тағдырдың тайғақ жолында осылай тайдық.

Өткенге өкпелеме, саған береме пайда?
Өмірім тепкілеме, соңғы мүмкіндік қайда?
Барлығын дұрыстауға кеш емес дейтін
Сабырлы болғым келеді үмітін үзбейтін.

Қ - сы:

Іштегі əңгіме - бітпейтін проблема,
Іздеймін компромисс, табамын дилемма.
Табамын дилемма, табамын дилемма.

Іштегі əңгіме - бітпейтін проблема,
Іздеймін компромисс, табамын дилемма.
Табамын дилемма, табамын дилемма.

2. Тағы не қалды, ақтарып қара
Өзімнен қашамын ақталып қана
Өзгенің құшағында іздеймін пана
Мен оны шын сүйдім, енді үзілді қанат.

Кеттіме шашылып екеуміз құрастырған
Махаббат пазллы, ол мені ауыстырған.
Төзімді тауыстырған мендік ақымақ мінез...
Болмайды соңғы рет, яу соңғы рез.

Бəлкім бұл қисық рельс ешқайда апармайтын,
Мен емес ақымақ қателігін байқамайтын,
Ешнəрсе бере алмайтын сезімнен басқасын
Оның себебі бар, дұрыс жағынан қарарсың.

Уəде беремін, білемін, мен енді араласпаймын,
Мен үшін бөлек əлем, ізіңе жармаспаймын.
Мен жайлы жаман ойдың бəрін босат,
Тілеймін саған бақыт, енді маған рұқсат.

Қ - сы:

Іштегі əңгіме - бітпейтін проблема,
Іздеймін компромисс, табамын дилемма.
Табамын дилемма, табамын дилемма.

Іштегі əңгіме - бітпейтін проблема,
Іздеймін компромисс, табамын дилемма.
Табамын дилемма, табамын дилемма.

Иван Дугин еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1