Бәйинә сүресі Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. (1) Кітап иелерінен, мүшріктерден қарсы шыққандар, өздеріне бір ашық дәлел келгенге дейін қарсылықтарынан айрылмақшы емес еді. (2) (Ал бұл дәлел) тап-таза нұсқаларды оқитын Алла тарапынан жіберілген бір Пайғамбар (еді). (3) Ол нұсқаларда ең тура үкімдер бар. (4) Дегенмен өздеріне кітап берілгендер, оларға ашық дәлел келгеннен кейін-ақ бөлінді. (5) Олар; ғибадатты, нағыз Аллаға шынайы ынтамен бір беткей түрде орындаулары, намаз оқулары, зекет берулері үшін әмір етілген. Міне осы, тұп-тура дін. (6) Сөз жоқ, сондай кітап иелерінен, мүшріктерден қарсы шыққандар, мүлде тозақ отында қалады. Міне солар, жаратылғандардың жауызы. (7) Күдіксіз сондай иман келтіріп, түзу іс істегендер; міне солар, жаратылғандардың жақсысы. (8) Олардың Раббыларының қасындағы сыйлықтары; астарынан өзендер ағатын Ғадын жаннаттары. Олар онда мүлде қалады. Алла олардан разы, олар Алладан разы. Осы сыйлық Раббынан қорыққан кісі үшін.