ФАТИХА: Ә’узу биллаһи минаш-шайтанир-ражим Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим «Әлхамду лилләһи раббил-’аләмиин, әр-рахмаанир-рахиим, мәәлики иәумид-диин, ийәкә на’буду уа ийәәкә нәста’иин, иһдинас-сираатал-мустақиим, сираатал-ләзина ән’амта ’аләйһим, ғайрил-мағдууби ’аләйһим уәладдааал-лиин» Мағынасы: Қуылған шайтанның (кесірінен) Аллаһқа сыйынамын Рахман һәм Рахымды Аллаһтың атымен бастаймын. 1. Барлық мадақ пен мақтаулар әлемдердің Раббы - Аллаһқа тән. 2. Ол Рахман һәм Рахымды. 3. Есеп күнінің, ақырет күнінің жалғыз Иесі. 4. Саған ғана ғибадат етіп, Сенен ғана жәрдем тілеп, көмек сұраймыз. 5. Бізді тура жолға сал. 6. Бізді өзіңнің ашуыңа, қарғысыңа ұшырағандар мен тура жолдан тайған, адасушылардың жолына емес, ырыс-береке мен ізгі-жақсылықтарыңды, ерекше шарапатыңды төккен салиқалы құлдарыңның жолымен жүргіз. ЫҚЫЛАС Бисмилләәһир-рахмаанир-рахим «Қул һуаллаһу ахад, Аллаһус-самад, ләм иәлид уә ләм иуләд, уә ләм иәкул-ләһу куфуан ахад». Мағынасы: 1. Былай де: Аллаһ – жалғыз. 2. Аллаһ – Самад (Күллі жаратылыс әлем Оған мұқтаж. Ол еш нәрсеге мұқтаж емес. Барлық нәрсе тек сол Ұлы Жаратушыдан жәрдем тілейді. Одан өзге ешкім көмек бере алмақ емес). 3. Ол тумады да туылмаған. 4. Оған тең келер еш нәрсе жоқ (Ол теңдесі жоқ, теңдессіз. Жаратылғанға мүлде ұқсамайды. Жаратылмаған, жаратылу, туу мен туылудан мүлдем пәк, әуелі мен ақыры болмаған аса құдіретті Жалғыз Ұлы Жаратушы).