ДОС керек
1) Жалғаныңнан жалыққанда дос керек
Сағыныштан зарыққанда дос керек
Арман алыс үміт ұзап жеткізбей
Жалғыз қалып қамыққанда дос керек
Кіші үлкенмен келісуге дос керек
Мауқым басып көрісуге дос керек
Тірлігіңде қызық көріп той тойлап
Қуанышты бөлісуге дос керек
Қайырмасы
Дән риза менің нәзік гул жаным
Сыйлады ғұмыр бізге мырза күн
Бұл дүниеде саған досым-ай
Саған досым-ай
Саган досым ризамын
2) Дұшпаныңмен егесуге дос керек
Ақылдасып кеңесуге дос керек
Қадірінді білмейтұғын тірлікте
Ағайныңмен теңесуге дос керек
Зәбір көріп айбынғанда дос керек
Табаныңнан тайдырғанда дос керек
Корлык корип каумалаган коп иттер
кок жалдайын кайгырганда дос керек
Қайырмасы
3) Жапырақты жаярыңда дос керек
Өміріңнің баянында дос керек
Мақұлдасып қалу үшін армансыз
Ғұмырыңның аяғында дос керек
Иманғали Тасмағамбетов еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 20