Көзді арбаған сағым ғұмыр кешіппін,
Көңіліме алды тағы көшіп мұң.
Бақытты етем, - деп жүргенде өзіңді,
Бақытсыз боп қалғанымды кеш ұқтым.
Бұйырмаған, бағынбаған асау бақ,
Жанарымда тұрды-дағы жасаурап,
Кетті үзіліп. Сағынышқа айналды.
Сағыныштың мұңы тәтті қашанда-ақ.
Тақсыр тағдыр тартса-дағы сый небір,
Менің көңілім - құлазыған күй қоңыр.
Сүйе алмадық, сүйе алмадық екеуміз,
Екеумізді еркелетіп сүйді өмір.
Махаббаттың қос қанаты - мұң, шаттық,
Сақтау үшін керек оны шын сақтық.
Қайыры жоқ күндер ұзап кетті алыс,
Құрбан болған сезімдердей бір сәттік.
Индира Елубаева еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2