Әні – Гүлнар Дәукен қызы Өлеңі – Шөмішбай Сари ұлы
Сағындым, сағым уақыт, Табатын жаным бақыт. Балалық ұяның, Қарлығаш қиялын Еске алып тербелемін. Жұлдызын көгімнің, Бақытын өмірдің Аңсаумен мен келемін.
Қайырмасы:
Сағыныш-ай, Сағыныш-ай, Сен де бір арман, Сен де бір жалған. Сағыныш-ай, сағыныш-ай, Сенімен бірге Толқиды жаным менің.