Жүрекке жыр беріп,қайғы мен мұң артқан. Бұл назік сезіммен өлеңге құмартқам. Шын сезім-баянсыз екенін білсемде, Махаббат - маңгі деп,МЕН СЕНі ҰНАТҚАМ! Жанарың күлсе де,жүрегің мұз қатқан Сол жүрек емеспе,жанымды мұздатқан Қайтейін,қайтейін,кінә жоқ өзіңде... Ақылды тыңдамай,МЕН СЕНі ҰНАТҚАМ! Түсімде жымиып,өзіңе тіл қатқам Көзіме жас алам,қайғылы ырғақтан Оянып кетсемде көремін бейнеңді... Кешірші жарығым,МЕН СЕНі ҰНАТҚАМ! Сол бейнең емес пе еріксіз жылатқан?! Қиялым қайтадан үмітпен жұбатқан... Ең жарық ЖҰЛДЫЗым,қол жетпес көктегі.. Сен емес,сен емес,МЕН СЕНі ҰНАТҚАМ! Ойлаймын кейде мен,келер деп жырақтан Жұлдыздың сәулесін іздеймін шырақтан... Мендегі махаббат сөнбейді мәңгілік Жас тамып жанардан,мен сені ұнатқам! Жап-жарық бейнеңді жүректен құлатқам. Шаршадым мен бүгін сансыз көп сұрақтан... Ұмыта алмаймын ешқашан өзіңді. Себебі мен емес,ЖҮРЕГІМ ҰНАТҚАН!!! МЕН СЕНІ ҰНАТАМ