Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Кадирберди Асет - Нәзік гүл (Айга айтылган жыр) | Текст песни

Нәзік гүл...
Ұқсас екен мұңың маған,
Көз сатпай жұлдыздарға жымыңдаған,
Түнімен мың сан рет иілесің,
Дұға оқып,
\"Көрсем ғой, - деп, - Күнімді аман!\"

Күн сүйген ерініңді үлбіретіп,
Балқытқан күміс нұры күмбір етіп,
\"Тағы да сүйсе екен\" деп ынтығасың,
Бойдағы құштарлығың дір-дір етіп.

Өрнектеп жәудіреген көзіңді шық,
Жылайсың сағынышты сезім құшып.
Күн сені тастап кетті дейді ме екен,
Жұлдыздар мазақтайды көзін қысып.

Ақса да, қыр көрсетіп сылқым ағар,
Қызғанып аққан шығар мүмкін олар?
Қамықпа, мөлт-мөлт еткен көз жасыңды
Күнің кеп сәулесімен сүртіп алар...

Менің де аяулым бар Күн секілді,
(Шіркін-ай, екі Күн де түрсе түнді!)
Менің де кіп-кішкентай бір Күнім бар,
Ұялтып жіберетін күлсе Күнді.

Көрініп қала ма деп Күн қарасы,
Шығамыз кірпік ілмей түн баласы...
Жұлдыздар тұрған болар жұбатпақ боп,
Өтінем, жел өсегін тыңдамашы.

...Күткен таң белгі берді
Әне, қара!
Болды енді, саныңды құр сабалама.
Сәлден соң Күн - ғашығың оралады,
Менікі?..
Менікі ше?..
Орала ма?..

Кадирберди Асет еще тексты


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-