Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Казакша(Ярмак) - Соңғы тамған жас | Текст песни

Соңғы боп тамған көз жасыңды жасыра алмайсың,
Бір жанға ғашық болсаң махаббаттан қаша алмайсың.
Соның себебінен ұмытуға тура келеді
Қинасаң жүрегің жыртылады жамай алмайсың.
Сен үшін деп соққан жүрегімді тазаладым сенен,
Қымбат санадым басқалардан мен үшін деп сені.
Сыйлаған айтылған создерімді жерге таптадың
Тағдырға қармай қарсы соғыс бастадым
Басталмай жатып білген едім жеңілетінімді
Әттең жүрек қалауы көрсетпеді түтіндедіп
Сүйген жүрек өтірік махаббатыңа сеніп
Сенің басқаға кетіп қалатыныңды күтпеді
Әткенде уақытымды сенімен өткізбес едім
Армансыз бақытымды өзіңмен іздемес едім
Сезімнің түбіне батым кететінімді білсем
Терең жерін байқамай тым алыс жүзбес едім
Бес парақ,мың сөз,бір сезім,екі жан
4 жыл сағыныш майысқан арман
Шақырым арамыздағы алыстап барады күнде
Жұбатып еске алмай кір жүрегім күн көруде
Махаббатымыз таусылғанда
жаңбыр жауғанеді
Аспанды қара бұлт жамылды
Күн күркіреді
Менің ішкі жан дүниемдегі ауа-райыда
Сол мұңнан әлі қашпады және өзгермеді.

Түнде жазған хаттарыма жауап бермедің,
Аяладым баптадым оны түсінбедің.
Арсыз қыздардың қатарына қосылып ендің,
Өртеп жібердім заттарыңды маза бермедің.(2)

Басқалар сағат санаса бірін-бірі көргісі келіп,
Мен бірнеше айлар санап келемін содан бері.
Винтажды фотоларды шын өмірдеп есептедім,
Бір мүмкіндік туса ғой деп үмітім үзілмеді.
Ұнтақтамашы өмірімді сенен өтінемін,
Өтірік алдамашы көңілімді кқтергенде.
Жанымда дабыл самғау қиын кешкен күндерімде,
Сыйласаң мүмкіндікті бүршік аттыр гүлдеріме.
Енді ғана құрастырғанды сен шашып барасың,
Сәл ғана ойлап қарашы оқы қатар арасын.
Тек алданбашы үстіңе шашқан ақшасына,
Ажырата білсең ғой сезімнің ақ пен қарасын.
Уәде беремін менімен ғана бақытты боласың,
Тастап кетпеймін тағдыр аямай сабаласа да.
Қате менен кетсе әрине мойындаймын,
Бірақ сенің де қисық қимылығды баяндаймын.
Сенесің бе сен кеткеннен киін бәрі өзгерді,
Сынық айнаның суретіне толды дәптерлерім.
Шағылысып сол кескінде қалып ішкі өнерім,
Жырлады жаралы жүректің қайғы сөрелерін.
Жүйкем шыдамай кетеді сені еске алғанда,
Көзіме елестеп кетеді сенің мүсіндерің.
Қараңғы бос бөлмеде жалғыз отырған кездерде,
Алыстан жаңғырық болып дауысың естіледі.

Түнде жазған хаттарыма жауап бермедің,
Аяладым баптадым оны түсінбедің.
Арсыз қыздардың қатарына қосылып ендің,
Өртеп жібердім заттарыңды маза бермедің.(2)


Казакша(Ярмак) еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1