Бұл өлке - біздің ауыл жайлаған жер-ау
Желіге асау құлын байлаған жер-ау
Көзіме от жалыңдай көрінеді-ау
Тебісіп, құлын-тайдай ойнаған жер-ау!
Ей, ахау, сабаз!
Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай!
Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай!
Бұл өлке - біздің ауыл күзеген жер-ау
Қарагөз бойын сылап, түзеген жер-ау
Көзіме от жалындай көрінеді-ау
Қолаң шаш уәдесін үзбеген жер-ау!
Ей, ахау, сабаз!
Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай!
Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай!
Казахская народная песня еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 3