Біздің елдің жігіттері жігіттердің төресі Олар жайлы ағайын-жұрт не білесің сен осы Олар жайлы айтылмайды биік-биік мінбеден Өйткені олар ақиқат пен шындық сөздің жебесі.
Біздің елдің жігіттері жігіттердің төресі Біздің елдің жігіттері ұлы мұхит кемесі Осы елден бақ пен қызыр қашпаса екен деп тілеп Осал жерін түзеп жүрген біздің елдің шегесі.
Олар жайлы білгің келсе, ортасына кіріп көр Солар жүрген жолдарменен дәтің барса жүріп көр Ерте туып еш заманның маңдайына сыймаған Қайран біздің қасиетті қара нардай жігіттер.
Біздің елдің жігіттері жігіттердің сырттаны Кешегі өткен ақындар мен батырлардың ұрпағы Ерте туып еш заманның маңдайына сыймаған Өз елінің ұлтаны мен өз елінің сұлтаны.(Е.Жақыпбеков)