Қызы едің Ыбекеңнің Балқадиша,
Бұралған белің нәзік о шіркің тал, Қадиша.
Сексен қыз серуенге шыққан кезде,
Ішінде қара басың, о шіркің хан Қадиша.
Дегенге, Балқадиша, Балқадиша
Боларсың біздің сөзге зар Қадиша
Бұлаңдап асау тайдай жүрген басың,
Боларсың қандай жанға жар Қадиша.
Баласы-ай Ыбекеннің, Балқадиша,
Есілді өрлей біткен о шіркің тал Қадиша.
Жеңгеңіз қайта-қайта келіп отыр,
Рұқсат бізден сізге, о шіркін, бар Қадиша.
Кайрат Байбосынов еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1