http://lyricstranslate.com
Жүрегіме сұлу сезім еккенсің,
Сағынышым, самал болып жеткенсің.
Қоңыр күзде жүрегімде бүр жарған,-
Бақытымсың, көктемсің!
Көздеріңнен айналайын мөп-мөлдір,
Періштемсің, жүрегіме төккен нұр.
Жүрегімнің "ғашық үнін" жеткізер,
Бір өзіңе ұсынамын көктем-гүл!
Махаббаттың күй-әуенін шертесің,
"Ән-әлемге" бірге өзіңмен ертесің.
Жүрегімді…
Махаббатың өртесін!
Сағынышым, аппақ гүлім, әдемім,
Селт еткізген жаухар жүрек әлемін.
Жәудіреген жанарыңмен жанымды –
Баурап алған ән едің!
Көздеріңнен айналайын мөп-мөлдір,
Періштемсің, жүрегіме төккен нұр.
Жүрегімнің "ғашық үнін" жеткізер,
Бір өзіңе ұсынамын көктем-гүл!
Махаббаттың күй-әуенін шертесің,
"Ән-әлемге" бірге өзіңмен ертесің.
Жүрегімді…
Махаббатың өртесін!
Көңілімде күмбірлетіп күй түрлі…
Ұрлап алдың әз күлкім мен ұйқымды.
Бар әлемнің қызғалдағын жисам да –
Сендей болмас Сүйкімді!!!
Көздеріңнен айналайын мөп-мөлдір,
Періштемсің, жүрегіме төккен нұр.
Жүрегімнің "ғашық үнін" жеткізер,
Бір өзіңе ұсынамын көктем-гүл!
Махаббаттың күй-әуенін шертесің,
"Ән-әлемге" бірге өзіңмен ертесің.
Жүрегімді…
Махаббатың өртесін!
Кайрат Нуртас еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1