Таңданамын тамаша сымбатыңа Бар ма амалым жүрегім сырға тұна Ұсынамын қолымды қиялымда Қысыламын көргенде тіл қатуға Шын сүйем де өзгеден шын қызғанам Дүниеде саған тең жұлдыз бар ма Жоқ амалым көрдім де тағы бір үн Өте бардың жанымнан үнсіз ғана
Қайырмасы:
Үнсіз жүрек, үнсіз кеуде Өтіп жатты үнсіз түндер Тура қарап айтшы маған Бар ма бақыт бұл өмірде
Көзімде арман елес нұрсыз шуақ Сезімде болған емес мұңсыз сынақ Күрсінемін өзіңсіз түндер де ұзақ Шын сүйемін тек үнсіз, тілсіз бірақ Бақ іздеп кезіп жүріп араладым Сан іздеп өзін бірақ таба алмадым Жалғанда бар ма бақыт жоқ па өзі Сен маған айтшы үнсіз махаббатым