Күндер зулайды, өзіңсіз жүрек тулайды Аңсап сағынып түндерде ұзақ мұңайды Жанды қинайды, қайғы сыйлайды Бақытын іздеп жылайды Сені басқаға жаным қимайды Ай-ай айрылдық қалай? Жүрмек пе ек талай? Түндерде ұйықтамай Ай-ай күндерден солай Көз жазып оңай Қаламыз қалай? Өзекті өртеп барады өкініш кернеп Бақытқа жетпей қалайша махаббат сөнбек? Айрылдық неге? Қайғырдық неге? Бар ма бір дерек, бір себеп? Бәрінен өтсем алда бір бөгет Ай-ай айрылдық қалай? Жүрмек пе ек талай? Түндерде ұйықтамай Ай-ай күндерден солай Көз жазып оңай Қаламыз қалай?
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1