Тағы да Түн.
Тәтті елестер ұнайтын жаныма тым.
Мына жарық жалғанда болса бір жан
Ол - өзіңсің, мені ойлап, сағынатын.
Жанып, ысып,
Заңғар көкке арманың алып-ұшып,
Білем, сезем, нұрланып отырсың-ау,
Сағынышың айға әппақ шағылысып.
Иә, жаным!
Қиялыңның мекендеп қия, жарын.
Күрсіністер ішіне құлап кетіп,
Өз ойыңның тартасың жиі азабын.
Көзіңде мұң,
Жүрегіңнен бермесең сезімге орын..
Ұмыт мені ендеше! Сені мүлдем
ұмытудың таппадым өзім жолын.
Қайдам, бірақ,
Кете алмассың сен де осы ойдан жырақ.
Төзіміңді қойғанмен тосқауыл қып,
Сезіміңді қайтесің қойған жылап?
Түн - сабырым,
Жұбатады жанарға тұнса мұңым.
Сағынбас ем, дәл бұлай сағынбас ең,
Жүрегіңе, жаным-ау, жүрсе әмірің.
Калкаман Сарин еще тексты
Видео
Қалқаман Сариннің шығармашылық кеші #1 осы калкаман неше жаста екен ким биледи. Read more Show ... калкаман бауырым сенин жазган олендерин ойлы сен сякты ...
Оценка текста
Как вам текст?
1 out of 5
2 out of 5
3 out of 5
4 out of 5
5 out of 5
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 4