Жалғандағы сенсің ғой, жанашырым Бәлкім мен көздеріңнің қарасымын Ақ жүректі аяулы ардағым-ай Мен өзіңе арнадым ән асылын.
Ұрпағыңмен өмірін тәтті ме екен? Үмітіңнің шырағын жақты ма екен? Жырақ кетсем төрт бөліп түн ұйқыңды Алаң болып әр таңың атты ма екен?
Қайырмасы: Анашым, бақ тілеп балаңа шын Тәңірден сұранасың Қайтсем сен қуанасың, жан анашым Жүзіңнен нұр сөнбейтін Шуағым бір сен деймін Жүз жасап жүрсең деймін, жан анашым