Ұлыма 1 Күй тартылып барлық өлен айтылсын Анажаным жастық шағын еске алсын Жасамасаң басқа тойды жасама екі жастың бақыт тойы тойлансын 2 Барыңды да нарыңды да сал соған Ата бабам осы тойды аңсаған Баласына бір той жасап бере алмай Бұл өмірден өтіп кетті қанша адам 3 Асып туған тасып туған шағыңда Шығын шығып кетеді деп ойлама Шыққан шығын орынын тауып оралар Күлімдеген ұлың тұрса алдыңда 4 Қыз дегенің қонақ қой ол қашанда Төбесіне алтын құйып қойсаңда Шаңыраққа ие болып қалатын Ұлдың аты ұл ғой шіркін қашанда