Киесі де, иесі де мынау дархан даланың - Сендерсіңдер, күйін шертіп, айт өлеңін, сал әнін. Дүниенің шымылдығын ән сап тұрып ашатын, Мұндай халық жоқ әлемде шуақтан нұр шашатын. Даласы - анау, данасы - анау ошақ көрген, от көрген, Тәй-тәй басса, қырдан асса той-думан ғып өткерген. Бөліп жеген бір үзім нан, көэесін де бөле ішкен, Қызығын да, қайғысын да ән-күйменен бөліскен. Көкжиектен күн ассын, к-сы
Қызғаладығың гүл ашсын. Айналыйын ағайын, Тойың тойға ұлассын. Мақтанатын, марқаятын азаматтар бар талай , Кеңейсінші, көбейсінші тойларымыз тарқамай. Жан жүрегі мөлдір жанның көрген бәрін досындай, Ақ бұлағы ақтарылған біздің халық осындай. к-сы
Көкжиектен күн ассын, Қызғаладығың гүл ашсын. Айналыйын ағайын, Тойың тойға ұлассын.