Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Каспий Тобы - Ақтау Арман Қала | Текст песни

Көк теңіздің алқасында Ақтауым
Көз тартасын көркем алыстан
Күннен күнге өсіп келе жатқаның
Қуантады жанды табысқан
Өзіңдемен еңбек жолын бастаған
Астанасы сенсің мұнайдың
Жаса мәңгі асыл қалам, жас қалам
Шуағына шомыл күн айдың

Ақтау Арман қалам
Көкке алып ұшқан
Ақтау жаралғансың
Мендік сағыныштан

Толқындарың сәлем жолдап жағаға
Қарт Каспийдің бұл әнін
Ажарыңа ажар қосқан шағала
Сенен тапқан аққу сыңарын

Ақ шақар тау ашық аспан ақ айдын
Келіп қайық қонған жағалай
Келбетіңе сүйсінемін, қараймын
Қайта, қайта көзімді ала алмай

Ақтау Арман қалам
Көкке алып ұшқан
Ақтау жаралғансың
Мендік сағыныштан

Шашқан нұрын ақ күмістей таң күлі
Ақ арудың білегіндейсің
Арман қалам Маңғыстаудың мәңгілік
Лүпілдеген жүрегімдейсің

Ақтау Арман қалам
Көкке алып ұшқан
Ақтау жаралғансың
Мендік сағыныштан х2

Каспий Тобы еще тексты


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2
Видео
Нет видео
-