Ахау, керім
Айналайын,қарағым, алтыным-ай,
Ақ жүзіңді көргенде балқыдым-ай
Көрмегелі көп айдың жүзі болды,
Есен-аман жүрмісің жарқыным-ай.
Қайырмасы:
Ахау, керім, бұраң белім,
Күнде жиын,күнде той
Жүрген жерің.
Ризамын жан қалқа,сертке жетсең,
Қиын-қыстау жерлерден аман өтсең.
Бір шыбындай жанымды құрбан етем,
Ғашығыңды өзің біл зар еңіретсең.
Қайырмасы:
Аяй сарым,
Сәуле жаным.
Сағынғанда қайда едің,
Ғашық жарым.
Ахау, керім, бұраң белім,
Күнде жиын, күнде той
Жүрген жерің.
К.Байсеитова еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2