Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Кенен Азербаев - Кокшолак | Текст песни

Мінгенім астымдағы көкшолақ-ты,
Жалы жоқ, құйрығы жоқ, шоп-шолақ-ты.
Ей, қыздар, қойшысынбай өлеңіңді айт,
Тұсыңа мендей құрбың келіп қапты.

Олай жүрші, көкшолақ,
Былай жүрші көкшолақ.
Жылдамдатқыр көкшолақ,
Арам қатқыр, көкшолақ,
Мені құртқан, көкшолақ.
Қыздар мінген байталды,
Жанай жүрші көкшолақ.

Қызы едің, сен бір байдың, өтпей жүрген,
Келгенше жиырма беске кетпей жүрген.
Ей, қыздар, қойшысынбай(кедейсінбей) өлеңімді айт,
Мен қойшы сендей қызға жетпей жүрген.

Көкшолақ, көкшолақ
Олай жүрші, көкшолақ,
Былай жүрші көкшолақ.
Жылдамдатқыр көкшолақ,
Арам қатқыр, көкшолақ,
Мені құртқан, көкшолақ.
Қыздар мінген байталды,
Жанай жүрші көкшолақ.
Әй чуу, көк шолақ(4 рет қайталау)

===========================================

Мен өзім Алатаудың ителгісі,
Қойшының қызға жақын икемдісі.
Кедейсің деп кемітпе, байдың қызы,
Келіп отыр құрбыңның сүйкенгісі.

Олай жүрші, көкшолақ,
Былай жүрші көкшолақ.
Қыздар мінген байталды,
Жанай жүрші көкшолақ.
Жамандатқыр көкшолақ,
Арам қатқыр, көкшолақ,
Мені құртқан, көкшолақ.

Кенен Азербаев еще тексты


Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 7
Видео
    Нет видео
    -