Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Кенесбек Нурхат - Суйем сени Асел ! | Текст песни

Сізге қандай ат қоямын мен енді?
Дәл өзімнің сезімімдей көлемді...
Дәл айттыңыз менің жылы сөздерім,
Әркімдерге арнай-арнай көнерді...
Жаным, Ботам, Айым, Гүлім, Сүйіктім,
Сіздің орын бұл сөздерден биік тым.
Бұлар тіпті біреуіне татымас,
Қос жанардың үстіндегі қиықтың.
\"Сұлуым\" деп айтып жүр ғой әр-әркім,
\"Бағалым\"-ға құны кетер бағаңның.
\"Көріктім\" деп көптің бірі жасасам,
Көрігіңді өкпелетіп алармын.
\"Сәбиім\" деп атап едім жақпадым,
Айтпасам да ақпақсың ғой, ақпағым.
Сізге лайық, жалғыз ауыз сөз түгіл,
Сізге лайық жалқы әріп те таппадым.
Сөге көрме: \"Бұрын неге байқамадың\"- деп мені,
\"Күнім\" десең, Күнге теңейм көктегі,
Көктегі Күн жылу берсе баршаға,
Сіздегі Күн жылытсыншы тек мені.

Сүйем сені, артық көріп өзімнен де өзгеден.
Бұл сезімді бұрын соңды өмірімде сезбегем.
Саған деген сезімді сезу керек жүрекпен,
Көре алмайсың, көре алмайсың, Жаным, мұны көзбенен.
Қайда жүрсем сені ойлап жүремін,
Күлкім келмейд, тек сен үшін күлемін.
Күнде түнде ұйықтарымның алдында,
Бір АЛЛАдан тілеуімді тіледім.


Кенесбек Нурхат еще тексты


Другие названия этого текста
  • Кенесбек Нурхат - Суйем сени Асел ! (0)
  • Дима Ануарбек - Суйем сени Гулдана! (0)
  • Рустем Ибраимов - сүйіктіме!!! (0)
Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1